Toyota Сізге бірегей Toyota Trade-In бағдарламасын ұсынуға қуанышты.
Toyota Trade-In – өз көлігіңізді жаңа Toyota-ға немесе тексерілген жүрілген көлікке айырбастаудың ерекше мүмкіндігі.
Дилерлік орталықтың кәсіби қызметкерлері көлігіңізді өзіңізге ыңғайлы уақытта қабылдап, бағалап, диагностика жасайды, әрі оны әрі қарай сатуды өз мойнына алады.
Toyota Trade-In бағдарламасының артықшылықтары
- Жылдам
Сіз өз көлігіңізбен келесіз, ал қайтарда жаңа Toyota-мен кетесіз. - Ыңғайлы
Сіз әлеуетті сатып алушылармен кездесу үшін жұмыстан немесе демалыстан қол үзбейсіз. - Тиімді
Жаңа көлікті Toyota Trade-In бағдарламасы бойынша сатып алғанда, сіздің көлігіңіздің бағасы жаңа көлікке несие алу үшін бастапқы жарна ретінде есептелуі мүмкін. - Сенімді
Toyota – көлігіңізді сатуда қаражатты уақытылы алуға және жаңа немесе жүрілген көлікті сапалы таңдауға кепіл. - Қауіпсіз
Көлікті айырбастауға байланысты барлық қаржылық операциялар бір жерде жүзеге асырыла
Көлігіңізді 4 қадамда айырбастаңыз:
1. Көлікті бағалау
Алдын ала бағалау
Сату бөлімі қызметкерлері сіздің көлігіңізді ең жақын дилерлік орталықта бағалайды, сондай-ақ алдын ала құнын білу үшін онлайн өтінім бере аласыз.
Көлікті диагностикадан өткізу
Диагностика – бағалаудың соңғы кезеңі, онда дилерлік орталық қызметкерлері көлігіңіздің техникалық жағдайын анықтайды.
2. Көлікті таңдау
Қай көлікті таңдайсыз?
Жаңа Toyota көлігі
Көлігіңізді жаңа Toyota-ға айырбастаңыз. Модельдік қатармен танысып, өзіңізге ең қолайлы Toyota үлгісін таңдаңыз.
Toyota Tested
Toyota Tested – жүрілген Toyota көліктерін сату бағдарламасы. Toyota Tested артықшылықтарымен танысыңыз.
Жүрілген көлік
Ресми Toyota дилерлерінің сату бөліміне жүгініп, қолжетімді жүрілген көліктер туралы ақпарат алыңыз.
3. Бағаны есептеу
Жаңа Toyota көлігін ең тиімді шарттармен алыңыз.
4. Toyota орталығының байланыстары
Өзіңізге ең жақын Toyota Орталығын табыңыз.